386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда полиция қызметкері көлігін мас күйінде айдаған

  • 111
  • UPD: 13:23, 16.08.2019
Оралда полиция қызметкері көлігін мас күйінде айдаған otyrar.kz

Оралда полиция қызметкері мас күйінде қызметтік көлігімен бағанға соғылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 15 тамыз күні сағат 02.40 шамасында Сырым Датұлы көшесі бойында «Мечта» сауда үйі маңында орын алды. Полиция қызмекткері «Нива» автокөлігінің руліне ие бола алмай, жарық бағанына соғылған. Жол апатынан ешкім зардап шекпеген. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі полиция қызметкерінің мас күйінде болғанын, қазіргі кезде қызметтік тексеру жүргізіліп жатқанын жеткізді. «Алынған шаралар жөнінде қосымша хабарланатын болады», деді департаменттің баспасөз қызметінен.

Хабар 24 телеарнасы