387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарқаралыда 1900 гектар орман өртеніп кеткен

  • 170
  • UPD: 20:50, 16.08.2019

Қарқаралы ұлттық табиғат паркінің Бақты орманды алқабындағы өрт оқшауланып өшірілді. 

Жалпы тілсіз жау 3 мың 700 гектарға жуық аумаққа залал келтірді. Оның 1 мың 900-і тоғайлы жерлер. Қазір оқиға орнында 370 адам мен 60 техника жұмыс істеп жатыр. Жергілікті тұрғындар да көмек беруде. Бұған қоса су төгу құрылғысы бар 3 тікұшақ  жұмылдырылған. Өртті сөндіру жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр. Айта кету керек, таулы аймаққа техника бара алмайды. Сондықтан жалын тек тікұшақпен және жаяу әдіспен сөндірілді.

Сағат Тоқметов, орман шаруашылығы мекемесінің директоры:

- Жел болған кезде жоғары өрт кетеді. Ондай өртте адамның қалың түтіннен демала алмай тұншығып қалу қаупі бар. Жел ауыса береді. Бір жақтан өшіріп жатсақ, жел бізге көмектесіп тұрады да, одан кейін қарама қарсы кетеді де, халық түтіннің атында қалып қояды.

Хабар 24 телеарнасы