Қарағандыда операция жасауға асығып бара жатқан балалар дәрігерін көлік қағып, жансақтау бөліміне түсті.
Оның аяғы мен қолы сынған және басынан ауыр жарақат алған. Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол жаяу жүргіншілерге арналған жолақтан өтіп бара жатқанда 18 жастағы «Мазда» көлігінің жүргізушісі жаншып өткен. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Авторы: Ардақ Асылханұлы