387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында күші 5,4 балдық жер сілкінісі болды

  • 259
  • UPD: 09:44, 18.08.2019
Алматы облысында күші 5,4 балдық жер сілкінісі болды

ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі хабарлайды.

18 тамыз күні сағат 05:07-де Алматы қаласынан 245 шақырым қашықтықта жер сілкінді.

Жер сілкінісінің кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай Қазақстан аумағында болған. 

Магнитудасы: 5,4

Табиғи апаттың жерасты дүмпулерін Жаркент (4-5 балл), Талдықорған (2-3 балл), Саты елді мекенінің тұрғындары (2-3 балл) сезінген. 

Мұнан соң 06 сағат 38 минут 51 секундта тағы жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 250 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісіні энергетикалық санаты – 10.6. Магнитудасы - 4.6. Тереңдігі 10 км. Сезілгені туралы мәлімет (МSК-64 шкаласы бойынша) жоқ.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы