387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бұқтырмаға батып кеткен көлік табылды

  • 130
  • UPD: 09:13, 19.08.2019
Бұқтырмаға батып кеткен көлік табылды inform.kz

Шығыс Қазақстанда сүңгуірлер Бұқтырма өзеніне батып кеткен көлікті жағаға шығарды. Автокөліктің ішінен жүргізушінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алтайньюске сілтеме жасап.

ШҚО ТЖД-ның жедел құтқару жасағы іздестіру жұмыстары барысында Бұқтырма өзенінде жағалауға жақын маңнан «Опель» маркалы автокөлікті тапты. Сондай-ақ көлік ішінде болған ер адамның көз жұмғаны анықталып отыр.

«Біздің құтқарушылар тобы дереу полиция қызметкерлеріне хабар берді. Жағдайды құзыретті органдар мүмкіндігінше анықтауы керек», – дейді жедел құтқару жасағы №8 бөлімшесінің басшысы Наурыз Смағұлов.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның себебі мен мән-жайын жан-жақты қарастыруда. Көлікте қаза тапқан азаматтың аты-жөні анықталды.

Хабар 24 телеарнасы