389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық альпинистер Победа шыңында қар үйіндісінің астында қалды

  • 250
  • UPD: 14:59, 19.08.2019
Қазақстандық альпинистер Победа шыңында қар үйіндісінің астында қалды

AlpineAsia Team секциясының альпинистері Қырғызстандағы Победа шыңында қар үйіндісінің астында қалды.

Олардың бірі Александр Чечулин өкпенің ісінуінен көз жұмған. Қалғаны екеуі – Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеев қиын жағдайда қалып отыр, себебі құрал-жабдықтарының бірқатар бөлігін жоғалтып алған.

МИ-8 құтқару ұшағы 6600 метр биіктікте іздеу жұмыстарын жүргізгенімен, альпинистер табылған жоқ.

Құтқару операциясына еліміздің ҚР ІІМ ТЖК өкілдері қосылды. Қазіргі уақытта тікұшақ жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы