386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда жеңгетайлықпен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

  • 148
  • UPD: 10:57, 19.08.2019
Ақтауда жеңгетайлықпен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды

Ақтаулық полицейлер жеңіл жүрісті қыздардың ордасын ұйымдастырған ерлі-зайыптыларды қолға түсірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жеңгетайлардан» бөлек, сауна әкімшілері де жауапқа тартылды. Олардың заңға қайшы әрекетін монша мен жалдамалы пәтерлерден табылған ірі сомадағы ақша айғақтайды. Құқық қорғаушылардың қолында басқа да бұлтартпас дәйектер бар. Қазір күдіктілер сот санкциясымен үйқамаққа алынды. 

Хабар 24 телеарнасы