386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз – Алматы әкімі альпинистердің жоғалуы жайлы

  • 155
  • UPD: 11:07, 19.08.2019
Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз – Алматы әкімі альпинистердің жоғалуы жайлы inform.kz

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бір топ қазақстандық альпинистің тауда жоғалып кетуіне қатысты пікір білдірді.

«Таң ата дабылды хабар жетті: Іле Алатауының қырғыз жағында қазақстандық бір топ альпинистер із-түзсіз жоғалып кеткен. Жігіттеріміз Қырғызстан аумағында болғандықтан, СІМ мен ІІМ жұмысты үйлестірудеміз. ІІМ іздеу-құтқару жұмыстарын бастады. Хан тәңірі тауынан іздестіру орнына құрамында тауда жаяу жүріп іздейтін құтқаратын топ бар тікұшақ жіберілді. Қиындығы сол, тікұшақ биік шыңдар үстімен ұша алмайды. Шыңның биіктігі – 4500 метр. Одан әрі қарай іздестіру тобы мен еріктілер жұмыстарын бастайды. Қырғыз әріптестеріміз қолдау көрсетеді деп сенеміз», – деді ол өзінің Instаgram парақшасында.

Еске сала кетейік, AlpineAsia Team секциясының альпинистері Қырғызстандағы Жеңіс шыңында қар үйіндісінің астында қалғаны туралы бұған дейін хабарланған еді.

Хабар 24 телеарнасы