387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Қорғаныс министрлігі Қырғызстанда жоғалып кеткен альпинистерді іздестірмек

  • 159
  • UPD: 13:06, 19.08.2019
ҚР Қорғаныс министрлігі Қырғызстанда жоғалып кеткен альпинистерді іздестірмек zakon.kz

Қазақстан әскерилері Қырғызстанда бір топ альпинистің жоғалып кетуіне байланысты құтқару операциясын ұйымдастырады.

Құтқарушылар тобында – кәсіби альпинист, капитан Мақсұт Жұмаев, майор Аманжол Рахметов бар. Құрам жетекшісі – аға лейтенант Василий Пивцов.

Оқыс оқиға туралы дабыл түсісімен олар сақадай сай болды және ұшуға рұқсат күтіп отырды. 

Топ ҚР ІІМ ТЖК  тікұшағымен 4400 метрлік биіктікте орналасқан базалық  лагерьге көтеріледі. Сол жерде жаяу іздестіру жұмыстарын жүргізеді.

Іздестіру шараларына ауа райының қолайсыздығы да кедергі келтіруде. Мұндай биіктікте бұл іске машықтанған құтқарушыларды жұмылдыру аса маңызды. Қатысушылар жуырда Ресейде өткен «Эльбрусс шеңбері – 2019» жарысынан оралды. Жалпыкомандалық есепте олар үздік үштікке енді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, қазақстандық альпинистер Жеңіс шыңында қар үйіндісінің астында қалып қойды. Осыған орай, Алматы әкімі құтқару шаралары туралы баяндап, Қырғызстан тарапынан көмек күтетінін жеткізді. 

Хабар 24 телеарнасы