387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған 5 адамның жағдайы жіті бақылауда

  • 191
  • UPD: 15:07, 19.08.2019
Ақмола облысында сібір жарасын жұқтырған 5 адамның жағдайы жіті бақылауда shipovnik.ua

Ақмола облысының Ольгинка ауылындағы жарияланған карантинге байланысты қазір елді мекенде республикалық эпизоотияға қарсы жасақ жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал ауру ошағы ауыздықталған. Бұл туралы аудандық мемлекеттік ветеринарлық инспекциясы хабарлады. Айтуларынша, аталған дерт ауру малды мәжбүрлі сою барысында тараған. Қазір ауылда эпидемияға қарсы барлық іс-шаралар жүргізілуде. Аурудың жаңа деректері пайда болмаса, сібір жарасына қатысты жарияланған карантин 15 күннен кейін алынады.

Айта кетейік, өткен аптаның жұма күні ауылда сібір жарасы диагнозы анықталып, нәтижесінде 5 адам ауруханаға жатқызылған болатын. Aталған ауылда мұндай індет соңғы рет 1998 жылы да шыққан. Ал, елді мекенге жақын жерде стационарлық мал қорымы бар.

Айнагүл Мусина, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы:

- Ірі қараны сою барысында сібір жарасын жұқтырған 5 адам қазір Аршалы аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесінде ем алып жатыр. Жағдайлары жақсы. Дене қызулары түсті. Олармен байланыста болған және Ольгинка, Михайловка ауылдарындағы адамдардың бәрі тексерілді. Олардан ешқандай ауру белгісі анықталған. Мәселе жіті бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы