386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысындағы лагерьде болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • 194
  • UPD: 18:25, 19.08.2019

Төле би ауданындағы «Сұңқар» балалар лагерінде болған шулы оқиғаға байланысты қызмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Қазір Біркөлік елді мекенінде орналасқан сауықтыру лагері өз жұмысын тоқтатып, демалушылар үйлеріне жіберілген. Осы оқиғаға байланысты Төле би ауданы әкімінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия жұмыс істеуде. Ал жазғы лагерьдің қожайыны сәуір айында Түлкібас аудандық білім бөлімі өткізген мемлекеттік конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанған. Балаларды сауықтыру үшін оған аудандық білім бөлімі 18 млн теңге қаржы бөлген. Бірақ аталған орталық облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің қорытындысын алмаған және облыстық Білім басқармасының лагерьлер тізіміне енбеген екен. Тиісті орындардың рұқсатын алмаған демалыс орнының қалайша осы уақытқа дейін балаларды тынықтырып келгені түсініксіз.

Ардақ Садықова, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Әлеуметтік желілерде бұл қызды тәрбиеші, педагог деп жатыр ғой, аталған азаматша педагог емес, олардың штатында тіркелмеген болып шықты. Енді тергеу амалдары аяқталған соң белгілі болады. Орын алған жағдайға байланысты Төле би аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп тексеру бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК 140-бабының 2-тармағы бойынша қызмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы