387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті

  • 161
  • UPD: 23:17, 19.08.2019
Оралда 14 жастағы жасөспірім суға батып кетті

БҚО ТЖД баспасөз қызметінен мәліметінше, оқиға жас натуралистер станциясы ауданында Шаған өзенінде болды.

2005 жылғы жасөспірім шомылуға тыйым салынған жерде суға түскен. Сағат 17.04-те құтқарушылар (3 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) іздестіру жұмыстарын жүргізді. Сағат 18:08-де марқұмның мәйіті судан шығарылды.

Биыл өңірде 26 адам суға батса, соның жетеуі бала.

Хабар 24 телеарнасы