386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да жоғалып кеткен бала өлі табылды

  • 183
  • UPD: 12:16, 20.08.2019
ШҚО-да жоғалып кеткен бала өлі табылды Tengrinews.kz

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше күннен бері іздестіріліп жатқан 1 жарым жастағы баланың денесі табылды.

Алтай ауданы, Средигорное ауылындағы Талғатовтар отбасының кішісі Әлихан 17 тамыз күні аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кеткен болатын. Оны іздеуге полиция және төтенше жағдайлар қызметі, еріктілер мен ауыл тұрғындары бір адамдай атсалысты. Алайда тәртіп сақшылары ауылдағы құдықтарды қайталап тексеру кезінде баланың денесін өз үйінің ауласынан тапты. Бүлдіршін есік алдында қазылған құдықтағы лайлы суға түсіп кеткен.

Хабар 24 телеарнасы