387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде үстіне теледидар құлаған бала мерт болды

  • 183
  • UPD: 17:46, 20.08.2019
Ақтөбеде үстіне теледидар құлаған бала мерт болды tvzvezda.ru

Ақтөбе қаласында 3 жасар бала оқыс жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 19 тамыз күні сағат 21:50-де болған. 3 жас 5 айлық бала Ақтөбе медициналық орталығының балалар ауруханасына ес-түссіз жеткізілген.

«Дәрігерлер бірден жансақтау бөліміне апарып, құтқару жұмыстарын жүргізді, өкінішке орай балана аман алып қала алмады. Диагнозы – ашық бас-ми жарақаты. Баланың басына қатты зақым келген. Бас сүйегінің негізгі бөлігі сынған. Кеуде тұсындағы сүйек сынып, өкпесіне қан құйылған», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Дәрігерлерге анасы баланың үстіне теледидар құлап кеткенін айтып берген. Баланың өлімі тіркелген соң сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы