387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында Маралды көліндегі оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғалды

  • 147
  • UPD: 22:20, 20.08.2019

Павлодар облыстық полиция департаменті Маралды көліндегі оқыс оқиғаға қатысты үш қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше жергілікті тұрғындар жекеменшік күзет агенттігінің қызметкерлерімен төбелескен. Күзетшілер травматикалық қару қолданып, салдарынан бес азамат зардап шекті. Оқиға орнына жеткен арнайы жасақ жанжалды тоқтатты. Алдын ала болжам бойынша агенттік өкілдері көлден артемия салина шаяндарын аулаған азаматты ұстаған. Заңсыз әрекет еткен азаматтың көлігінен екі қап өнім тәркіленді. Ұсталған азаматтың айтуынша, оны күзетшілер ұрып соқан. Бүгін облыстық полиция департаментінің бастығы Амантай Әубәкіров Жылыбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесіп, бұл істі жеке бақылауына алатынын айтты.

Байязхан Қаракесеков, зардап шегушінің әкесі:

- Ұлым мал қарауға барғанда облыстың да, ауданның да тәртіп сақшылары бар, күзет те бар дейді, сол кісен салып, бір қолын іліп қойып, шаршы ағашпен ұрған. Қазір мүгедек болып жатыр. Өзі ешқандай аулайтын кісі емес. Менің түсінігім бойынша далада мал қарап жүрген, не істесе де, кінәлі болған күнде, оларды алып барып, заңды түрде жауап алу керек еді.

Мұратжан Шакеров, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары:

- Қазіргі уақытта жекеменшік күзет агенттігінің әрекетіне қатысты Қылмыстық кодекстің 252 және 389-баптары бойынша істер қозғалды. Тергеу амалдары басталды. Көмекке ҚР Ішкі істер министрлігінің қызметкері келді. Тергеу құпиясы негізінде тергеу туралы егжей-тегжейлі айта алмаймын.

Хабар 24 телеарнасы