386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да мөңке балығы қырылып жатыр

  • 176
  • UPD: 22:19, 20.08.2019

Солтүстік Қазақстан облысында балық қырылды. Толыбай көлінде мөңке атаулы жаппай жағаға шығып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, су мен балықтан сынама алынды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, көл шаруалардың химиялық өңдеу жұмыстарынан улануы мүмкін. Оқиға орнына аймақтағы тілшіміз Айдарбек Айтмұхамбетұлы барып қайтты.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Толыбай – Богдановка ауылы маңындағы шағын ғана көл. Мұнда мөңке балығы мекен етеді. 3 күн бұрын олар жаппай жағаға қалқып шыға бастаған.

Көлде құстардың түр-түрі ұшып-қонып жүр. Балық өте көп. Олар көлдің бетіне сағат сайын қалқып шығып жатыр. Міне, жағада да солай. Тіпті кейбіреуі тірі.

Тұрғындардың айтуынша, балықтың қырылуына шаруалардың химиялық өңдеу жұмыстары себеп болуы мүмкін. Олар алқаптарды дәрілеу үшін осындан келіп су алған. Егін мен көл бір-біріне тиіп тұр. Ал, жағада техникалардың ізі жатыр.

Қайырбек Мақжанов, Богдановка ауылының тұрғыны:

- Қазір бізді тыйдайтын кісі қалды ма? Әлгі бірнеше рет айттық осында су алғанда: «әй, сендер улап жатып су неге аласыңдар? Бұл дұрыс емес. Сендер траншея, сосын ана жақтан құдық қазуларың керек. Бұлар келеді де, шлангілерін салады. Мінекей нәтижесі. Балық түгел қырылып қалды.

Енді оны арнайы комиссия анықтайды. Кеше орманшылар қырылған балықты жинап, өрттеп жіберген. Ал, бүгін Петропавлдан мамандар келіп, сынама алды.

Мұхтар Мақжанов, Жамбыл аудандық ветеринария бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Бүгін келіп, көлдің 3-4 жерінен анализ алдық. Химиялық анализға су алдық, балықтар алдық. Әрбір жерлерде бар. Мына қамыстардың арасында бар. Мына шеттерінде бар. Міне, жатыр мына жерлерде былай.

Әзірге, нақты қанша балық қырылғаны белгісіз. «Олар тағы да улануы мүмкін», - дейді мамандар.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы