384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда кафе өртеніп жатыр

  • 359
  • UPD: 15:25, 22.08.2019
Алматыда кафе өртеніп жатыр tengrinews.kz

Бүгін таңертең 8:36-да Алматы қалалық төтенше жағдайлар депртаментіне қала орталығындағы көшелердің бірінде өрт шыққаны жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 10 минутта жетті. Өрт Алмалы ауданындағы Брусиловский көшесінде орналасқан екі қабатты дәмханадан шыққан. Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, қызыл жалын бір сағатқа жетпей сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша дәмхананың шатыры өртенген, бірақ ол ғимартпен қатар орналасқан спортзалды өрт шалған жоқ, дер кезінде әрекет етудің нәтижесінде тілсіз жау ауыздықталды. Өрт сөндіруге 12 техника, 36 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы