386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да браконьерлерден 90 литр уылдырық тәркіленді

  • 162
  • UPD: 09:47, 22.08.2019
ШҚО-да браконьерлерден 90 литр уылдырық тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында ұзақ уақыт бойы браконьерлікпен айналысып келген «Марқакөл мемлекеттік табиғи қорығының» жұмысшылары ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қаяз балығының уылдырығын заңсыз айналымға шығарды деген күдікке алынды. Полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, негізгі өткізу жолы анықталып, ұйымдастырушылар қолға түсті. Сонымен қатар бұл іске қатысы болуы мүмкін өзге де адамдарды анықтауға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Жедел операция барысында 90 литр уылдырық, мың данадан астам заңсыз ауланған майқан балығы, 4 миллион теңгеге жуық қаражат пен балық аулауға арналған торлар, рация мен ешқайда тіркелмеген тапанша тәркіленді.

Гүлжан Қамзина, облыстық ПД өкілі:

- Тергеу барысында аталған кезеңде Марқакөл көлінен 1 тоннадан астам майқан балығы заңсыз ауланғаны анықталды. Уылдырықты алғаннан кейін қылмыскерлер балықты күзетілетін аймаққа көміп кеткен.қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды.

Хабар 24 телеарнасы