387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде 25 адам өзгенің атынан магистратура емтиханын тапсырмақ болды

  • 221
  • UPD: 20:00, 22.08.2019

Елімізде 25 адам өзге азаматтың атынан магистратура емтиханын тапсырмақшы болған. Заңсыздық анықталып, әлгі тұлғалар тестілеуге кіргізілген жоқ.

Атап өтейік, магистратураға түсу үшін тамыздың оны мен он бесі аралығында ел бойынша 27 бөлімшеде емтихандар өткізілді. Талапкерлерден жиын саны 30 мың өтініш түскен. 28 мыңдай азамат тест тапсырды. Сынақ кезінде тиым салынған заттарды пайдаланған бір мыңнан аса тұлға аудиториядан шығарылған.

Дидар Смағұлов, ҚР Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы:  

- Емтихан кезінде бір бойжеткен қызметкерлерді алдамақ болып, тексеруден төрт рет өткен. Ақыры ол шпаргалка пайдаланғаны үшін аудиториядан шығарылды. Жалпы биыл 12 853 үміткер мемлекеттік білім беру грантына қатысуға мүмкіндік алды.

Хабар 24 телеарнасы