387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында ірі жол апатынан төрт адам ауруханаға жеткізілді

  • 191
  • UPD: 17:04, 23.08.2019
Павлодар облысында ірі жол апатынан төрт адам ауруханаға жеткізілді

Екібастұз - Павлодар тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Куәгерлердің айтуынша, Audi100 автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушы зардап шеккен.

Ер адамның кеуде қуысы зақымданған, үш әйел бас-ми жарақаттарын алған, біреуінің жамбасы, екіншісінде иығы, үшіншісінде бұғанасы сынған, - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. - Барлық диагноздар алдын ала қойылған. Барлық төрт зардап шеккен адам Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді.

Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған факті тіркелгенін және жол апатының себебі анықталуда екенін хабарлады.

Хабар 24 телеарнасы