386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраудағы театр өртіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • 174
  • UPD: 09:07, 24.08.2019

Атырауда Махамбет атындағы академиялық драма театрындағы өртке қатысты қылмыстық іс қозғады.

Тілсіз жаудан 1800 шаршы метрге жуық шатыр жабындысы мен қосымша ғимараттар ішінара жанып кеткен. Жергілікті билік өкілдері тез арада қалпына келтіру және күрделі жөндеу жұмыстарын қолға аламыз деп отыр. Ал, қылмыстық іс облыс прокурорының тікелей бақылауында болады. 

Дәулет Аймағамбетов, облыс прокуроры аға көмекшісінің м.а.: 

- Полиция департаментінің ең тәжірибелі қызметкерлерінің жедел-тергеу тобы құрылды. Тергеу шеңберінде өрттің шыққан ықтимал себептері анықталуда. Қазіргі уақытта іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Қосымша мамандар қатыстырылуда.

Хабар 24 телеарнасы