387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда демалушылар суға тұншыққан қызды құтқарды

  • 157
  • UPD: 10:21, 25.08.2019
Ақтауда демалушылар суға тұншыққан қызды құтқарды

Каспий жағалауында демалып жүрген екі ер адам суға тұншыққан қызды аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz inАктау сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 23 тамызда кешкі уақытта Ақтаудан сегіз шақырым жерде орналасқан демалыс базасының бірінде болған. Куәгерлердің айтуынша, ата-анасы қыздарын қараусыз қалдырған, осы кезде қыз бала суға түскен. Балаға медициналық көмек көрсетілгеннен кейін оның денсаулығына еш қауіп жоқ.

«Бір ер адам қызды судан алып шықты, ол есінен танып қалған еді. Екіншісі дем бере бастады. Ол алғашқы көмек көрсетті, сосын жедел жәрдем келді. Жалпы, барлығы қолдан келгенше көмектесуге тырысты, барлығы да жарады», - дейді адамдар.

Хабар 24 телеарнасы