Оқыс оқиға Маңғыстау облысының Шетпе кентінде болған. Бұл туралы Қазақпарат lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция берген ақпаратқа сәйкес, өрттің тұтануына электр сымдарындағы қысқа тұйықталу себеп болған. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шекпеген. Машинаның кабинасы толықтай жанып кеткен, ал тіркемесіне зақым келмеген. Алапат өрттің видеосы желіге тарады.