385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көлік бірнеше адамды қасақана қағып кетті

  • 212
  • UPD: 13:30, 26.08.2019
Алматыда көлік бірнеше адамды қасақана қағып кетті zakon.kz

Желіде көліктің бірнеше адамды қағып кеткен видеосы пайда болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Видеода бір топ жігіттердің екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасқанын көруге болады. Ақ түсті автокөліктің жүргізушісі ерегескендердің біреуін қағып кете жаздайды. Ал қара түсті көліктің жүргізушісі қасақана үш адамды қағады.  Сондай-ақ, жігіттердің бірі қолына автокөлік нөмірін ұстаған. Онда Алматы өңірінің 02 жазу бары анық байқалады.  Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Алматыда таңғы төрт шамасында болған. 

«Осы оқиғаның куәгері болдым. Гагарин мен Дружба қиылысында, бүгін тағы төртте төбелес болды. Төбелескендердің бірі қарсыластарын көлікпен қағуды ұйғарды», – деп жазды куәгерлер. 

Хабар 24 телеарнасы