387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы шулы оқиға: полиция түсініктеме берді

  • 214
  • UPD: 14:51, 26.08.2019
Алматыдағы шулы оқиға: полиция түсініктеме берді inform.kz

Алматы полициясы автокөлікпен адамдарды қасақана қағу  оқиғасы туралы толық ақпаратты жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Алматы қаласының Бостандық ауданында 26 тамыз күні таңғы сағат 5-тер шамасында болған. Сөзге келіп қалған екі топ өзара жанжалдасып, соңында бір-бірін көлікпен қуған.

«Жанжалдың нәтижесінде тараптардың біреуі қарсыластарын көлікпен қағып, оқиға орнынан қашып кетті. Олардың кім екені анықталды, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктілерді ұстауға және көлікті тәркілеп алуға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі  Салтанат Әзірбек.

Полицияның мәліметінше, осы оқиғаның нәтижесінде үш адам жарақат алды. Олардың аяқ-қолдары жарақатанған, миы шайқалған. Олар қаланың медициналық мекемелеріне жеткізілді.

Еске сала кетейік, түн жарымда  Алматы көшелерінің бірінде бұзақылар мінген  автөлік жол бойындағы адамдарды әдейі қаққанын куәгерлер видеоға түсіріп алған. 

Хабар 24 телеарнасы