386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде ойын кезінде бүлік шығарған жанкүйерлер полицияға жеткізілді

  • 146
  • UPD: 17:34, 26.08.2019
Ақтөбеде ойын кезінде бүлік шығарған жанкүйерлер полицияға жеткізілді

Ақтөбе қаласында орталық стадионда («Ақтөбе» - «Ертіс») болған ойын кезінде 9 жанкүйер полиция бөлімшесіне жеткізіліп, оларға әкімшілік айыппұл салынды, - деп хабарлайды «Ақтөбе жаңалықтары».

Ойынның 63-ші минутында «Ертіс» сапында өнер көрсетіп жүрген Марко Станоевия алаң иелерінің қақпасынан саңылау тапты. Кездесуге бес минут қалаған Абат Аймбетов есепті теңестіріп кетті. Осылайша «Ақтөбе» - «Ертіс» ойыны 1:1 есебімен аяқталған болатын. Ал ойын кезінде жанкүйерлер ереже бұзып, полиция оларды бөлімшеге алып кетті.

«Қоғамдық тәртіпті бұзғаны және полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларға айыппұл салынды», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Хабар 24 телеарнасы