386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада терезеден құлаған 2 бала ауруханада жатыр

  • 132
  • UPD: 20:17, 26.08.2019
Қызылордада терезеден құлаған 2 бала ауруханада жатыр

Қызылорда облыстық балалар ауруханасында биіктен құлаған 5 және 3 жастағы екі бүлдіршін жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың бірі екінші қабаттан құлапты. Бір тәулік бойы жансақтау бөлімінде жатқан баланың жағдайы тұрақталғаннан кейін бүгін нейрохирургия және ортопедия бөліміне шығарылды. Жалпы жыл басынан бері Қызылорда облысында осындай 28 оқиға тіркелген.

Шарипа Әлиева, облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері:

Енді бүгінгі таңда бұл жерде ата-аналардың қырағылығы керек деп есептейміз. Яғни әрбір балаға отбасындаға ұдайы бақылау және қазіргі терезелердің сыртынан темір тор орнатылса деген жан-жақты ұсыныстарымызды ақпараттандыру желілеріне беріп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы