386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда балкон жиегінде отырғандардың ата-аналары жауапқа тартылады

  • 140
  • UPD: 23:11, 26.08.2019
Алматыда балкон жиегінде отырғандардың ата-аналары жауапқа тартылады

Алматыдағы тұрғын-үй кешендерінің бірінде балконнан аяқтарын сыртқа шығарып, ойнап отырған балалардың суреті көпшіліктің наразылығын тудырды.

Әлеуметтік желіге салынған мына бейнелер мен суреттерде жасөспірімдердің 10-қабаттағы балконның жиегінде отырғаны анық байқалады. Бейнекөріністі түсіріп алған автордың айтуынша, бұл Алматыдағы «Гауһартас» тұрғын үй кешенінде болған. Алдымен 10-шы, кейіннен 16-қабаттың техникалық балконына шыққан жасөсіпірмдерді осы тұрғын үй кешеніне қонаққа барған Амаль Ибрагимова суретке түсіріп алған.

Амаль Ибрагимова, қала тұрғыны:

- Себебі ең бірінші мен балалардың өмірі үшін алаңдадым. Әрине, олар балалық жасап отырды. Дегенмен, ата-аналары өздерінің балаларын танып, оларға бұл іс-әрекеттің дұрыс еместігін, қауіпті екенін түсіндірсе деген ой болды дейді

Ал қалалық полиция департаментінің өкілдері балалардың мұндай іс-әрекеттеріне ең алдымен  ата-аналары жауапты, дейді.

Салтанат Әзірбек, қалалық ПД ресми өкілі:

- Оқиға болған жерге сол тұрғын үй кешенінен учаскелік полиция, ювеналдық полицияның қызметкерлері жіберіліп, осындай қауіпті іс-әрекеттерді болдырған балалардың аты-жөндері анықталып отыр. Қазіргі таңда олардың ата-аналарына қатысты Әкімшілік кодекстің 127-бабының нормалары бойынша әкімшілік хаттама толтырамыз. Кем дегенде он айлық көрсеткіш мөлшеріндегі айыпқа тағылады

Хабар 24 телеарнасы