389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы-Бішкек жолында екі «Тойота» көлігі бетпе-бет соқтығысты

  • 176
  • UPD: 10:58, 27.08.2019

Алматы-Бішкек тас жолында екі «Тойота» көлігі бетпе-бет соқтысығып жеті адам зардап шегіп, тағы үшеуі қаза тапты.

Белгілі болғандай, Тойота Ист темір тұлпарының жүргізушісі жолда көзі ілініп кетіп, қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. «Тойота Камри» соқтығысудан құтылуға әрекет жасап жол жиегіне бұрыла берген сәтте оны екінші көлік ұрады. Салдарынан қос машинаның сау-тамтығы қалмаған. 

Көлік жүргізушісі бірнеше адамды қасақана қағып кетті. Оқиға Алматы қаласында болған. Видеода жігіттердің екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасқанын көруге болады. Ақ түсті автокөліктің жүргізушісі ерегескендердің біреуін қағып кете жаздайды. Ал қара түсті темір тұлпардың жүргізушісі қасақана үш адамды қағып өтеді. Зардап шеккендер қол,аяқ және ми жарақаттарын алған. Алдын-ала мәлімет бойынша, оқиға таңғы төрт шамасында болған. Полицейлер осы іс бойынша шұғыл әрекет және тергеу амалдарын жасап жатыр. Аталған факт Қылмыстық кодекстің бірден үш бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарына алынды. 

Қарағандыда тас жолына зақым келтірген тұлғаға іздеу салынды. Белгісіз біреу жөндеу жасалып жатқан Қарағанды-Теміртау жолымен түнгі уақытта  жүйткіп кейбір аумақтың тас-талқанын шығарған. Оқиға орнында табылған көліктің қираған бөлшектерінен бұл қытайлық сары түсті жүк көлігі болуы мүмкін. Қазір жүргізушіге іздеу жарияланды. 

Алматыда автокөлік адамдар тұрған автобус аялдамасын бұзып өте жаздады. Куәгерлердің айтуынша, Мицубиси темір тұлпары Рысқұлов даңғылымен қозғалып Қазыбаев көшесіне бұрылуға әрекеттенгенде рульге ие бола алмай қалған. Көлік жаяу жүргіншілер жолына шығып кетіп жарнама билбордын бұзып өткен. Абырой болғанда жерүсті өткеліне соқтығысып, аялдаманы қирата жаздады. Жол апаты салдарынан жүргізуші дене жарақатын алды. Ол жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы