386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда екі бүлдіршін терезеден құлап кетті

  • 91
  • UPD: 12:38, 27.08.2019
Нұр-Сұлтанда екі бүлдіршін терезеден құлап кетті 72.ru

Елордада 4-қабаттан құлаған 6 және 8 жасар балалар ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды elorda.info ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше, 26 тамыз күні «112» пультіне Қапал 1/1мекен-жайында бүлдіршіндердің терезеден құлап кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

«Балалар 2011, 2013 жылы туған. Ата-ананың қарауынсыз қалып, 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен. Түрлі дене жарақатын алған олар дереу №2 қалалық балалар ауруханасына жатқызылды», – деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Жалпы жыл басынан Нұр-Сұлтанда балалардың терезден құлауының 14 жағдайы тіркелген. Оның біреуі қайғылы аяқталды. Былтыр бұл көрсеткіш 21-ді құрап, салдарынан 8 бала ажал құшты.

Хабар 24 телеарнасы