389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда адамдарды көлікпен қасақана қаққан күдіктілердің бірі ұсталды

  • 225
  • UPD: 13:54, 27.08.2019

Алматыда үш адамды қасақана қаққан күдіктілердің көліктері арнайы автотұраққа тоғытылды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ кеше кешкісін күдіктілердің бірі ұсталды. Тергеу басқармасының айтуынша, қолға түскен «А» есімді азамат 1995 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Ол ақ көліктің рөлінде болған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Қара көлікті тізгіндеген азаматтың да аты-жөні мәлім, оны құрықтау тек уақыттың еншісіндегі жұмыс» дейді полицейлер. Адам қаққан күдіктілердің бұл әрекеті «бұзақылық» бабымен емес енді «кісі өлтіруге оқталу» бабы бойынша қаралатын болды.

Естеріңізге сала кетейік, кеше таңғы сағат беске таман екі кафеден шыққан жастардың арасында жанжал туып, соңы осындай жағдайға әкелген еді.

Хабар 24 телеарнасы