386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талғарда қоғам белсендісіне шабуыл жасалды

  • 140
Талғарда қоғам белсендісіне шабуыл жасалды

Кеше тапа-тал түсте Алматы облысы Талғар ауданы әкімшілігінің маңында әлдекім қоғам белсендісі Галина Арзамасоваға оқ атып, қашып кеткен.

Ауыр жарақат алған Арзамасова қазір Алматыдағы жекеменшік медицина орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер науқас жайында қандай да бір ақпарат беруден бас тартты. Қоғам белсенділерінің айтуынша, Галинаға бұған дейін де бірнеше рет қаскүнемдік жасалған. Соңғы оқиға ағаштарды кесу, жерді заңсыз бөлу және жарықтың болмауына байланысты Арзамасованың Панфилов ауылдық әкіміне жазған шағымынан кейін болған. Қазір күдікті ұсталды. 

Ернар Сайділдин, облыстық полиция департаментінің ресми өкілі:

– Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары Талғар ауданының полиция қызметкерлерімен жүргізіліп жатыр. Күдікті тұлға анықталып, қамауға алынды. Ол Талғар ауданының 22 жастағы тұрғыны болып шықты. Пневматикалық қару күдіктіден айғақ ретінде тәркіленіп, аталған істің материалына қосылды.

Хабар 24 телеарнасы