386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да ірі қара мал белгісіз індетке шалдықты

  • 127
  • UPD: 08:12, 28.08.2019
СҚО-да ірі қара мал белгісіз індетке шалдықты

Солтүстік Қазақстан облысында 10 шақты ірі қара мал белгісіз індетке шалдыққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны өңірдің ветеринар дәрігерлері мәлімдеп отыр. Аққайың ауданына қарасты Тоқыш ауылында 9 сиырдың терісі бөрітіп, қабынып кеткен. Алайда кеселдің қайдан келгенін анықтау мүмкін болмай отыр. Мамандар бұл аурудың адам денсаулығына еш зияны жоқ екенін айтады. Дегенмен, әзірге оның сүті мен етін пайдалануға тыйым салынды. Жалпы аурудың алдын алу үшін ауылдағы мал дәрігерінің екпе жұмыстарын уақытылы жүргізген-жүргізбегені тексеріліп жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, 125 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекетке айыппұл төлейтін болады. Бұли270 мың теңге.

Берік Әлжанов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Лабораториялық зерттеулерді жүргізуге қазіргі күні мүмкіндік жоқ. Себебі ол аурулар сол антибактериялық препараттармен емделген. Егер де қандай да жаңадан белгілер болатын болса, онда жедел түрде биологиялық материал алынып, лабораториялық зерттеуге жіберілетін болады. Антибактериалық препараттарды қоюдың себебінен сүт қауіпсіздігінің техникалық регламенті бойынша сүтті 14 күні ішінде пайдалануға тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы