387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Рудныйдағы мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндер үйінде жетімдерге қорлық көрсетілген

  • 132
  • UPD: 11:48, 28.08.2019

Рудныйдағы мүмкіндігі шектеулі және ата-ана қамқорынсыз қалған бүлдіршіндер үйін тексерген комиссия жаға ұстады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалар қараусыз келгені былай тұрсын, оларды атымен де атамаған. Бұл фактілерді «Nur Otan» партиясы жанындағы республикалық балалар құқығын қорғауды сараптау тобы анықтаған. Рудныйдағы балалар үйіне ескертусіз келген комиссия мүшелері талай заңбұзушылықтарды анықтаған. Ерекше балаларға көрсетіліп жатқан жауыздық жантүршігерлік. Бірнеше күндеп өз нәжісі мен запыранында жатқан бүлдіршіндерді қызметкерлер атымен емес, нөмірмен атап келген. Енді облыс әкімдігі бүлдіршіндерді Рудныйдан Қостанай қаласындағы мекемеге ауыстырмақ. Онда оларға тиісті жағдайлар жасалатын болады.

Хабар 24 телеарнасы