387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жеткіншек суға кетіп, көз жұмды

  • 118
  • UPD: 11:17, 28.08.2019
Нұр-Сұлтанда жеткіншек суға кетіп, көз жұмды inform.kz

Елордада бала өзенге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ТЖД сілтеме жасап хабарлайды.

«27 тамыз күні сағат 18.05-те 112 пультіне баланың суға құлап кеткені туралы хабар келіп түсті. Шақырту орнына Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаментінің жедел-құтқару жасағының бөлімшесі жіберілді. Келген бойда суға сүңгіген құтқарушылар шамамен 8-9 жастағы баланың денесін алып шықты. Болжам бойынша, ол Ақбұлақ өзеніне абайсызда құлап кеткен», – делінген департамент хабарламасында.

Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының техникасы мен 4 қызметкері барған. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Хабар 24 телеарнасы