385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда бірнеше көлік соқтығысып қалды

  • 131
  • UPD: 13:14, 28.08.2019
Алматыда бірнеше көлік соқтығысып қалды media.az

Жолаушының зейінсіздігі жаппай жол апатына себеп болды. Оқыс оқиға оңтүстік астанада тіркелді.

Mitsubishi Galant көлігі сауда үйі алдына жолаушыны түсірмек болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда, салон ішінде отырған адам темір тұлпардың сол жақ есігінен жолдың жүретін бөлігінен шығуға әрекеттенеді. Осы уақытта қозғалыстағы Volkswagen алдында тұрған кедергіні байқап жолдың сол бөлігіне бұрыла бастайды. Бірақ бұдан еш нәтиже шықпайды. Себебі, жолдың бұл бағытымен Ford маркалы көлік келе жатады. Амалсыздан неміс маркалы көлік жаяу жүргіншіні соғады. Жүргізушілер мен куәгерлер жәбірленушіге көмекке жүгіргенде тағы бір көлік жоғары жылдамдықпен Ford-ты соғады. Нәтижесінде ауыр халдегі жолаушы қызды жедел жәрдем қызметі ауруханаға алып кетті. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы