389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдағы шулы оқиға: желіде тағы бір видео пайда болды

  • 251
  • UPD: 09:58, 29.08.2019
Алматыдағы шулы оқиға: желіде тағы бір видео пайда болды

Әлеуметтік желіде Алматыда адамдарды көлікпен қаққан оқиғаға қатысты жаңа видео пайда болды.

Бұған дейін желіде бір топ жігіттің екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасып, қара түсті көліктің жүргізушісі қасақана үш адамды қаққаны түсірілген видео тараған болатын.

Полицияның мәліметі бойынша, оқиға Алматы қаласының Бостандық ауданында 26 тамыз күні таңғы сағат 5-тер шамасында болған. Сөзге келіп қалған екі топ өзара жанжалдасып, соңында бір-бірін көлікпен қуған.

Көп ұзамай қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі күдіктілердің көліктері арнайы автотұраққа тоғытылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ күдіктілердің бірі ұсталды. Тергеу басқармасының айтуынша, қолға түскен «А» есімді азамат 1995 жылы Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Ол ақ көліктің рөлінде болған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Хабар 24 телеарнасы