387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда электросамокат тізгіндеген ер адам жаяу жүргіншімен соқтығысты

  • 158
  • UPD: 18:00, 29.08.2019
Нұр-Сұлтанда электросамокат тізгіндеген ер адам жаяу жүргіншімен соқтығысты inform.kz

Елордада жаяу жүргіншімен соқтығысып, жерге басымен құлаған электросамокат жүргізушісі ес-түссіз жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2019 жылдың 23 тамызында Тәшенов көшесі бойында, аялдамаға тақау жерде электросамокат жүргізушісі жаяу жүргіншімен соқтығысып қалды. Уақыты – таңертеңгі сағат 9. Оқиға куәгерлерін немесе тиісті ақпарат бар азаматтардан +7 702 313 03 15 нөміріне хабарласуларын өтінеміз. Көлік жүргізушілердің бірінің видео тіркеуішіне жазылып қалуы да мүмкін. Зардап шеккен электросамокат иесі ес-түссіз жатыр. Кез келген ақпарат маңызды», – деп жазды әлеуметтік желілердің біріне зардап шеккен азаматтың досы әрі әріптесі Ұлан Ақсұлтанов.

Оның атап өтуінше, зардап шеккен азамат республикалық арналардың бірінде дизайнер болып жұмыс істейді. Электросамокат теуіп жүргеніне де біраз уақыт болған.

Хабар 24 телеарнасы