389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде біреулер көшедегі пианиноны сындырып кетті

  • 212
  • UPD: 09:48, 30.08.2019

Белгісіз біреулер Ақтөбе көшелеріне орнатылған фортепианоларды сындырып кетті.

Қос бірдей музыкалық аспапты шаһардың 150 жылдық мерейтойына жергілікті музыкант Дина Ниязова сыйлаған еді. Алайда пианино әуезді үнімен тұрғындарды екі айға жуық қана қуантып үлгерді. Вандалдар музыкалық аспапты қайтадан жөндеуге келмейтіндей етіп қиратқан. Тұрғындар арасынан жас таланттарды табуға бағытталған жоба көпшіліктің көңілінен шығып үлгерген болатын. Музыкаға талпынысы бар жандар осы жерде күйсандықтың тілін де игеріп келді. Мұндай мүмкіндіктен айырылған азаматтар бұзақыларды жауапқа тартуды өтініп отыр. 

Артур Мамурков, қала тұрғыны:

- Кеше кешқұрым мас азаматтар осы жерде отырған еді. Пианинода ойнай алмаса да батырмаларын соққылағанын көрдім. Бүгін келгенімде қирап жатыр. Енді қалай үйренерімді білмеймін. Фортепиано курстары қымбат болғандықтан күнде кешкілік осы жерде сабақ алып жүрдім. Кәсіби және әуесқой музыканттар келіп үйрететін еді. Енді ол мүмкіндіктен де айырылдым.

Хабар 24 телеарнасы