386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорған найзағай түсіп, 39 гектар алқап өртеніп кетті.

  • 183
Талдықорған найзағай түсіп, 39 гектар алқап өртеніп кетті.

Талдықорған қаласының таулы аймағына найзағай түсті.

Оқиға Мерекелік саяжайының маңында болған. Жай түскен жерде өрт тұтанып, 39 гектар алқап өртеніп кетті. Құрғақ шөптің жанып жатқаны жайлы ақпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне түнгі 12-де түскен. Сала мамандары жалынды ауыздықтауға жедел жұмылдырылды. Тілсіз жаумен таңға дейін арпалысқан қызметкерлер өртті бүгін сағат 10:00 де сөндірген.

Азамат Жұртбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

– Құрғақ шөптің жануын өшіру үшін 41 адам мен 9 техника жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі найзағай разряды болуы мүмкін. Табиғи апаттан ешкім зардап шеккен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы