386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында цехтағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

  • 218
  • UPD: 15:58, 31.08.2019
Алматы облысында цехтағы жарылыстан 1 адам қаза тапты

Алматы облысында өндірістік цехта болған жарылыс салдарынан бір адам көз жұмып, үшеуі зардап шекті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді.

«31 тамыз күні сағат 12:22-де Алматы облыстық ТЖД жедел кезекші бөліміне Қарасай ауданы Райымбек ауылында газбетонды блок шығаратын цехтың жарылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Жоғары қысыммен газбетонды өндірісті жүргізу кезінде автоклав атылып, жарылыстан цех ішінара бұзылған», - деп хабарлады ол: «Жарылыс салдарынан түтін шығатын құбырдың бір бөлігі жеке тұрғын сектордың аумағына ұшып түскен. «Жарылыс орынынан 1961 жылғы ер адамның мәйіті табылды. Сонымен бірге оқиға орынынан әртүрлі жарақатпен аудандық ауруханаға үш адам жеткізілді. Бұдан бөлек цех аумағында тұрған «Mercedes-Benz ML 300» және «Toyota Avensis» көліктері зақымданды».

Хабар 24 телеарнасы