385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда орталығында асфальт жол опырылып түсті

  • 222
  • UPD: 22:27, 31.08.2019
Елорда орталығында асфальт жол опырылып түсті

Нұр-Сұлтанда Мәңгілік Ел көшесі, 39 үй мекен-жайы бойынша асфальт опырылып түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елорда әкімінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қазіргі уақытта «Астана Су Арнасы» МКК Мәңгілік Ел, 39 асфальті опырылып түскен учаскеде кәріз құдығын қайта жаңарту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

«31 тамыздан 1 қыркүйекке қараған түні жолдың астындағы кәріз құдығы ауыстырылады. Асфальттың опырылып түсуіне кәріз құдығының шайылуы себеп болған» делінген хабарламада. Апатты қалпына келтіру жұмыстары кезінде Мәңгілік ел даңғылындағы автокөліктердің қозғалысы шектелмейді.

Хабар 24 телеарнасы