386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жеңіл көліктің үстіне автокран құлады

  • 240
  • UPD: 19:19, 01.09.2019
Нұр-Сұлтанда жеңіл көліктің үстіне автокран құлады inform.kz

Елордадағы Шарль де Голь көшесінде автокран құлап, жеңіл автокөлікті зақымдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Шүпековтің мәліметінше, оқыс оқиға бүгін сағат 16.40 кезінде болған.

«Шарль де Голь көшесінде автокран құлады. Оқиға кезінде тұрақта тұрған «KIA RIO» маркалы автокөлікке зақым келді. Зардап шеккендер жоқ», - деп хабарлады полиция өкілі.

Болған оқиғаға қатысты «Гарант сервис» ЖШС басшысына Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 631-бабы (жолда жұмыс жүргізу кезінде жол ережелері қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бекітілген ережелерді орындамау» бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы