387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте дәрігер өз әріптесін зорлаған

  • 360
  • UPD: 18:19, 05.09.2019
Шымкентте дәрігер өз әріптесін зорлаған goodhouse.ru

Шымкентте «медбикені зорлады» деген күдікке ілінген нефролог дәрігер ұсталды.

Ол жәбірленушіні кабинетінде зорлаған деп айыпталып отыр. Оқиға 16 сәуірде Шымкенттегі облыстық клиникалық ауруханада болған. Дәрігер де, ол зорлық көрсеткен медбике де осы мекемеде жұмыс істейді. Зорлық көрген келіншек әл-Фараби аудандық ішкі істер басқармасына арыз берген. Алайда көп ұзамай қылмыстық құрам мен дәлел жоқ деп іс жабылған. Бұл туралы «НеМолчи» қоғамдық қорының өкілдері хабарлаған еді. Сол түрткі болып, іс қайта қарауға алынып, күдікті қамалды.

Айнұр Омарова, қалалық полиция департаменті әл-фараби аудандық полиция басқармасының аға тергеушісі:

– Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 120-бабы 1-бөлігімен және 121-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу барысында күдікті ұсталған. Қылмыстық іс айыптау актісімен Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының прокуратурасына жолданған.

Хабар 24 телеарнасы