386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Теміртаудағы «Арселор Митталға» қарасты цехта жарылыс болды

  • 122
  • UPD: 13:33, 05.09.2019
Теміртаудағы «Арселор Митталға» қарасты цехта жарылыс болды

Бүгін таңертең Теміртаудағы «Арселор Митталдың» конвертер цехында жарылыс болды. Салдарынан 4 адам жарақаттанды.

Олар жергілікті ауруханаға жеткізілді. Екі жұмысшы дәрігерлік тексерістен кейін амбулаторлық ем алуға жіберілді. Ал денелерін 2 және 3 дәрежелі күйік шалған екі жұмысшы Мақажанов атындағы травматология және ортопедия облыстық орталығына жеткізілді. Қазір олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді мамандар. Апаттың шығу салдары анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы