387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биыл елімізде суға кетіп ажал құшқандар саны 266-ға жеткен

  • 130
  • UPD: 15:22, 05.09.2019
Биыл елімізде суға кетіп ажал құшқандар саны 266-ға жеткен vestiprim.ru

Суға шомылу маусымы басынан бері (маусым-тамыз) еліміздің су айдындарында 266 адам суға кетті (2018ж. – 282 адам), оның ішінде 87 бала (2018ж. – 80 бала).

Адамдардың қаза болуының негізгі себептері жабдықталмаған жерлерде суға шомылу - 242 адам (оның ішінде 80 бала), балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру – 24 бала және мас күйінде суға шомылу – 23 адам.

Суға шомылу маусымы басталғаннан бері жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 269 адамды, оның ішінде 85 баланы құтқарды.

Суда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖК полициямен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар кешенін жүргізеді.

Елімізде 607 ресми суға түсу және су жанында демалу орындары (107 коммуналдық және 500 жеке жағажай) белгіленді.

27 коммуналдық жағажайдың акваториялары ІІМ ТЖК бөлімшелерінің бақылауында, сондай-ақ 53 мобильдік құтқару бекеттерін қою арқылы су айдындарының 113 қауіпті учаскесі (табиғи жағажайлар) бақыланады.

Жеке жағажайларда кезекшілік ету үшін ТЖК бөлімшелерінде арнайы даярлықтан өткен қоғамдық құтқарушы-жасақшылардың күшімен 310 объектілік құтқару бекеті құрылды.

Суға шомылу үшін 3 мыңнан астам тыйым салынған орын анықталды, онда 3 386 ескерту белгілері мен 1 120 көрнекі стенд орнатылды, адамдардың қаза болу себептері мен оқиғаға ықпал еткен жағдайлар көрсетілген.

 Еліміздің өңірлерінде су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша тұрғындар арасында 320 мыңнан астам үгіт өнімдері (буклеттер, парақтар) таратылды.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау және су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзушыларды анықтау бойынша бірлескен рейдтер мен патрульдеу (ТЖД, ДП) жүргізіледі.

Мәселен, ағымдағы жылдың 1 мамыры мен 1 қыркүйегі аралығында 14 мыңнан астам рейд және патрульдеу жүргізілді, 2 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, бұл ретте «Қоғамдық орындарда болу ережелерін бұзу» ӘҚБтК 440-бабы бойынша12 млн. астам теңге айыппұл салынды.

Ақпарат көзі:ҚР ТЖК баспасөз қызметі 

Хабар 24 телеарнасы