387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордалық тұрғын өртеніп жатқан үйден 2 баланы аман алып шықты

  • 131
Қызылордалық тұрғын өртеніп жатқан үйден 2 баланы аман алып шықты inform.kz/

Қызылордалық Нұрсұлу Паданова екі бүлдіршін қызды өрттен құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ақмешіт» шағын ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде бүлдіршіндер ата-анасының бақылауынсыз қалған кезде үйден өрт шыққан. Құтқарушылар жеткенше жанып жатқан пәтерден балаларды көршісі Нұрсұлу Паданова алып шыққан.

«Өзімнің пәтерімде ас бөлмесінде жүрген едім. Жоғары қабаттағы көрші пәтерден екі бүлдіршін қыздың құтқарыңдар деген дауысын құлағым шалды. Оқиға барысын байқасам, пәтер ішінен түтін шығып жатқаны аңғарылады. Ас бөлмесіндегі терезе арқылы жоғары қабатқа шығуға шешім қабылдадым. Орындық және басқа дүниелерді пайдаланып жоғары қабаттағы пәтерге жеттім. Алдымен Инаятты, одан кейін Нұрдананы құтқардым», – деді Нұрсұлу Паданова.

Нұрсұлу Паданова «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының» дефектолог-маман болып қызмет етеді. Жолдасы екеуі төрт бала өсіріп отыр. Аман қалған балғындардың анасы Гүлхан Сейділдәқызы Нұрсұлуға алғыс білдірді.

Хабар 24 телеарнасы