385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда су жылытқыш жарылып, 3 адам зардап шекті

  • 102
  • UPD: 10:29, 06.09.2019
Павлодарда су жылытқыш жарылып, 3 адам зардап шекті pavlodarnews.kz

Бектұров көшесі, 75-үйде бір бөлмелі пәтердің ваннасында екі шаршы метр аумақта су жылытқыш жанған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Өрт шыққаны туралы хабарлама кезекшілік бөліміне сағат 21.30-да келіп түсті», – дейді департаментте.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін өздігінен 17 адам сыртқа шыққан. Оның үшеуі – бала. Жоғары қабаттағы пәтерден 1983 жылғы әйел адам ауыр дәрежеде газдан улану диагнозымен № 1 қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Бұдан басқа, ысты газбен уланған 2007 жылғы қыз бен 2004 жылғы ұл бала облыстық балалар ауруханасының соматика бөлімшесіне жатқызылды. Тілсіз жау сағат 22.27-де ауыздықталып, 22.14-те толығымен сөндірілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Келтірілген шығын көлемі анықталуда. Оқиға орнына жеке құрамнан 12 адам мен үш техника шықты.

Хабар 24 телеарнасы