385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында оқушы дене шынықтыру сабағында қаза тапты

  • 134
  • UPD: 12:37, 06.09.2019
Түркістан облысында оқушы дене шынықтыру сабағында қаза тапты elorda.info

5 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы жалпы орта мектептің 8-сынып оқушысы Әлихан Махатайдың үстіне жылжымалы футбол қақпасы құлап, оқушы мерт болған.

Қайғылы оқиғаға қатысты ҚР Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Түркістан облыстық Білім басқармасының берген мәліметі бойынша, 2019 жылғы 5 қыркүйек күні Қазығұрт ауданындағы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің 8-сынып оқушысы Әлихан Махатай дене шынықтыру сабағында жылжымалы футбол қақпасымен ойнап, нәтижесінде қақпа үстіне құлап, ауыр жарақат алған. Оқиға орын алған жерге жедел жәрдем шақыртылып, аудандық ауруханаға жеткізілген. А.Махатай жан сақтау бөлімінде ота жасау үстінде сағат 15.00-16.00 шамасында қайтыс болды», – делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Ведомствоның мәліметіне сүйенсек, бүгінде ол іс бойынша аудандық прокуратура және ішкі істер бөлімімен тергеу шаралары жүргізілуде.

«Аталған жағдай министрлікке қарасты Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жеке бақылауында болады. Мектеп әкімшілігі оқушылар мен ата-аналар қауіпсіздік нұсқаулығымен таныстырылды деп мәлімдейді. Қазіргі таңда мектеп әкімшілігіне қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп, мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар арасында қауіпсіздік шараларын қолдану жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде», – деп хабарлайды ҚР БҒМ.

Сондай-ақ, хабарламада алдағы уақытта осы оқиғаға қатысты қосымша ақпарат берілетіні айтылған. Әлихан Махатай 2006 жылы туған. Отбасында бес перзенттің ең кішісі.

Хабар 24 телеарнасы