389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Арал ауданындағы Тоқпан көлінде балық қырылды

  • 280
  • UPD: 17:49, 06.09.2019
Арал ауданындағы Тоқпан көлінде балық қырылды

Қызылорда облысы Арал ауданы Тоқпан көлінде балық қырылу дерегі анықталды. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, «Қазгидромет» филиалы, ветеринарлық қызмет және экология департаменті мамандарынан құралған комиссия оқиға орынына барды.

Мамандар жағалауды зерттеп, 6 жарым тоннадай өлген балықты жинап алған. Оның 96%-і табан, қалғаны торта, қылыш, сазан және көксерке. Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының мамандары лабораториялық зерттеулер мен санитарлық–химиялық талдамалар жүргізу үшін су мен балық сынамаларын алды. Қазіргі уақытта өлген балықты жинау және жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Су маржандарының қырылу себептері туралы ақпарат лабораториялық зерттеулердің қорытындылары дайын болған соң хабарланады.

Жалғас Ахметов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:

- Тоқпан көлі Қамбаш көлінің көктем-қыста толатын кезінде асып аққан суының есебінен ұсталып тұрған көл. Биыл ауа райы ыстық болды, оның бер жағында Сырдария суының көлемі төмен түсіп кетті да ол ертерек Қамбашпен байланысы үзіліп қалды. Соның себебі де болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы